Қышқылды қаттың ішінде өндіру әсер қамтуын ұлғайтады

 

Ұзын бекітілмеген және бекітілген көлденең діңдерде сүзу тығынын алып тастаудағы ең жоғары нәтиже, біркелкі өңдеу

 

Скин-әсерді нәтижелі жою игерудің экономикалық әсерін арттырады

 

Төмен коррозиялық белсенділік

 

Пайдаланудың қауіпсіздігі және экологиялылығы

 

Ағуларды табуға және құбырдың тұтастығын бақылауға арналған аэрогеофизикалық түсірме

Термовизиялық аэротүсірме дәстүрлі әдіспен зерттелуі он есе және жүз есе көп уақыт алатын құбырларды бірегей талдауға мүмкіндік береді.

 

Термовизиялық аэротүсірме жылыстауларды және объекті оқшаулау тұтастығының бұзылғанын тауып, жер үсті/асты құбырларды зерттеу үшін жүргізіледі. Термовизиялық аэротүсірме GPS жабдығын қолданып, нақты координаттарға байланған бейне түсірме режимінде термограмма жазылған жоғары ажыратқыш матрицасы бар термовизор арқылы өткізіледі. Объектілер тікұшақтан немесе ұшақтан (жұмыстың техникалық және климаттық жағдайларына байланысты) түсіріледі. Технологиялық базамыз термовизиялық аэротүсірмені кез келген климаттық жағдайларда жүргізуді және техникалық тұрғыдан жүзеге асыру қиын өндірістік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

 

Қауіпті өндірістік объектілердің техникалық жай-күйі. Техникалық диагностика. Бұзбайтын бақылау. Механикалық сынақтар.

Акустикалық томография – интегралды экспресс әдіс. Құбырлардың техникалық диагностикасын жүргізу үшін пайдаланады. Құбырлардың апат қауіпті жерлері шығаратын сұйық ортада таралатын белгілі бір жиіліктегі ультра дыбыс сигналдары бойынша аномалияларды табады.

 

Контактсыз магнитометрикалық зерттеу - интегралды экспресс әдіс. Метал құрылымындағы кернеу, ақау, бір тектілік еместік шоғырлануларды анықтау үшін шашыраудың өз магниттік өрістердің үйлестірімін тіркеу мен талдауға негізделеді.

 

Ультрадыбыстық дефектоскопия – ультрадыбыстық теңселулердің таратылуы мен қабылдануын зерттеп, одан кейін амплитудасын, келу уақытын, нысанын ж.т.б зерттеу арқылы материалдағы ақауларды табу.

Ультрадыбыстық скрининг – бақылаудағы қолданатын бағытталған толқын әдісі; дәстүрлі ультрадыбыстық бақылау әдістерінен мүлдем өзгеше. Қадағалардың дәл астында орналасқан құбыр тұстарын сканирлеу орнына бағытталған толқындар құбыр денесі бойын аралайды. Бұл әдіс бір жерде орналасқан қадағалар сақинасы арқылы құбырдың ондаған метрін инспекциялауға және құбырдағы проблемалық жерін табуға мүмкіндік береді.

 

Құйын ағыс бақылау әдісі сыртқы электр магниттік өрістің электр өткізгіш бақылау объектісіндегі қоздырушы катушка келтіретін құйын ағыстардың электр магниттік өріспен өзара әрекетін талдауға негізделеді.

Электр бақылауды бірнеше топқа бөлуге болады: айнымалы ток әдістері, тұрақты ток әдістері, шығарғыш электрод әдісі, интенсивтік өлшеу әдісі, екі электрод әдісі, үш электрод әдісі, қоспалы әдіс, тұрақты ток градиент әдісі.

 

Акустикалық эмиссия әдісі бақылау объектілерінің пластикалық деформациясы және бұзылуы (жарықтардың өсуі) процессінде пайда болатын акустикалық толқындарды тіркеп талдауға негізделеді. АЭ бақылаудың тағы бір көзі бақылау объектісіндегі тесіктері арқылы жұмыс дененің (сұйық немесе газ) ағылып кетуі.

 

Радиациялық бақылау әдістері бақылау бұйымымен өзара әрекеті кезіндегі иондалған сәулелендіруді тіркеп талдауға негізделеді. Пісірілген қосылыстың ақау және ақаусыз тұсынан өткен кездегі иондалған сәулеленулердің әртүрлі жұтылуларына негізделген өткен сәулелендірумен бақылау әдістері ең жиі қолданылады. Өткен сәулелену қалыңдығы немесе тығыздығы аздау тұстарда, әсіресе ақау - бейтұтастық немесе метал емес қосылым - бар жерлерде күшейе түседі.

 

Магнит ұнтағы әдісі ақау үстіндегі магниттік күш желілері ең көп шоғырланған жерлерге ферромагниттік бөлшектерді тартып алатын және ақау құрылымын бейнелейтін жолақ немесе тізбек түрінде сурет жасайтын пондеромоторлық күштерге негізделеді.

 

Техникалық эндоскопия – әртүрлі машиналардың және жабдықтардың қиын жерлерін қарау үшін қолданылатын аспап - эндоскоп (немесе бороскоп) – көмегімен жүргізілетін визуалдық бақылау.

Қаттылық өлшеу – метал, қорытпа, бетон және басқа материалдардың қаттылығын бұзбас бақылау әдісі. Қаттылық өлшеу механикалық құрылымының диагнозын анықтаудағы тиімді құрал болып табылады.

Металдың магниттік жады әдісі объектінің пайдалану зақымынан бұрын келетін кернеулердің шоғырлану тұстарында метал қасиеті өзгерулеріне (коррозия, шаршау, өрмелегіштік) негізделеді. Тиісінше құбыр, жабдық, конструкция күйінің нақты кернеулі сиықсыздануын білдіретін метал магниттенгендігі өзгереді.

 

 

ТOO «ГазМунай Инжиниринг»,

ул. Жамбыла 105, Қарағанды, 100012, Қазақстан.

телефон: +7 (721) 292-04-88

info@gme.kz