Көп сатылы жүйелерді пайдаланудың барлық режимдерінде ағынның динамикалық қасиеттерін үлгілейтін БҚ, оның ішінде флюидті өндіру мен тасымалдаудағы әртүрлі күрделіліктер: гидраттың пайда болуы, парафиннің бөлінуі, тығынның құрылуы, ішкі коррозия, гидросоққылар.

 

Осы БҚ апаттық жағдайларды анықтау, ащы газ пайдалану процесстерін үлгілеу, газ сақтау, механикалық өндіруді және газлифтті оңтайландыру, оқпанды электрожылыту, буды қабатқа жіберу, және басқа мақсаттар үшін қолданылады.

 

 

Бағдарламалық қамтамасыз ету

  автоматты теңестіру жабдықтар, сезімталдықты талдау, құбырларды таңдау және оңтайландыру мен жабдықтар мүмкіндік береді

 

 

Динамикалық үлгілеуді қолданып, жер мен теңіздегі өндіру жүйелерді жобалап пайдалану кен орнының бос тұру уақытын елеулі азайтады, іске қосу рәсімдерін оңтайландырады, жабдықтың өмір циклін және жалпы активіңіздің жұмысын ұзартады. Кен орнындағы SCADA арқылы ақпарат алатын және көп сатылы ағындарды үлгілейтін динамикалық БҚ көмегімен деректерді өңдейтін өндіруді басқару интеллектуалдық жүйе өндіру жағдайлары деректерін сақтай тұра және әртүрлі параметрлерді өзгерте тұра жүйенің қазіргі жағдайын анықтауға және жағдайдың алдағы дамуын болжауға мүмкіндік береді. Жүйе бақылау-өлшеу аспабы ретінде әрекет етіп, операторға ағынды басқаруға ұлғайтылған мүмкіндік беріп, әрдайым онлайн режимінде жұмыс істейді. Осы технология көмірсутек өндіруді және тасымалдауды тиімді және қауіпсіз басқару үшін кең таралып келеді.

 

 

Мұнай мен газ өндіруді жоспарлауға, кен орынды кешенді үлгілеуге және өндіруді болжауға арналған бағдарламалық қамсыздандыру

Игеру тарихын анықтауға, белгісіздіктерді бағалауға, тәуекелдерді талдауға және өндіруді оңтайландыруға арналған гидродинамикалық үлгілерді автоматтандырылған бейімдеу үшін қолданылатын әмбебап оңтайландырғыш көп процессорлық есептеуіш машиналардағы симулятордың бір мезгілді есептерін басқарады. Осы бағдарламалық кешен үлгіні бейімдеуге дәстүрлі қолмен икемдеуден едәуір жылдам жасауға және бейімдеу сапасын елеулі арттыруға мүмкіндік береді. Осы БҚ келешекте үлгінің белгісіздік дәрежесін зерттеуге және кен орынды пайдалану шешімін қабылдауға байланысты тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік беретін бейімдеу мәселелерін баламалы шешулерді таба алады. Осы технология болжау сапасын елеулі арттырады.

 

Осы бағдарламалық қамсыздандыру жабдықты автоматты түрде орналастыруды, сезгіштік талдауын, құбыр мен жабдықты іріктеуді және оңтайландыруды жасауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

ТOO «ГазМунай Инжиниринг»,

ул. Жамбыла 105, Қарағанды, 100012, Қазақстан.

телефон: +7 (721) 292-04-88

info@gme.kz